Жемқорлардың арасында ешкімге сенуге болмайды екен…
Бір кездері жүні күжірейген, аспанды тіреген Арыстанбек Мұхамедиұлы еді.
Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музей директоры, ректор болған.
Биік қызметтерде жүргенде «елбасыға» жағынудан алдына жан салмайтындардың бірі еді.
8 жылға сотталған сол Арыстанбектің түрмедегі мерзіміне тағы үш жыл қосылып, 11 жыл отыратын болып жатыр.
Бұл істің бір қызық тұсын саясаткер Қазбек Бейсебаев байқаған екен. Былай дейді:
Қазақстанда бәрі сатылатынын жақсы білетін осы бір «мәдениетті» шенеунік үстінен тергеу жүріп жатқанда тергеушілер мен сотты сатып алайын деп шешкен. Әйелі арқылы өзінің адвокатына 400 мың доллар, 27 миллион теңге бергізген. Адвокат бұл ақшаны түгелдей «керек жердегі» «керек адамдарға» ұсынуы тиіс болған. Бірақ қорғаушысы бұл ақшаны өзінде қалдырып, иемденіп алыпты. Сотталушы қандай болса, оның адвокаты да тура сондай екен. Әпкеме жездем сай болды. Ақыры өзі де, әйелі де, адвокаты да сотталды.
Әйелі 6 айға, адвокаты 6 жыл сегіз ай мерзімге кесілді.