«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы холдинг басшысы Қанат Шарлапаев мәлімдеді.
«Бәйтерек» холдингі басшысы Қанат Шарлапаевтың айтуынша, холдингінің басты міндеті санкцияларды алып тастап, бұрынғы «Сбербанк Қазақстан» (банк атауы «Берек банк» болып өзегерді) қызметін қалпына келтіру, сосын сату.
Біздің міндетіміз — банк жұмысы қалпына келетіндей жағдай жасау. Мемлекеттік акционерлер болып жатса, банкті санкция тізімнен шығару туралы диалог айтарлықтай дәрежеде жеңілдейді. Банк жұмысы қалпына келе сала, біз бірден стратегиялық инвесторлар іздеуге кірісеміз,
Қанат Шарлапаев @Shishkin_like каналына берген сұқбатында.
Сұқбат алушының «Шетел инвесторына сатуға дайынсыз ба?» деген сауалына холдинг басшысы былай жауап берді:
Шешімді мен ғана шығармайтыным анық. Дегенмен мен бұл жағдайда қаржы нарығындағы ойыншылар арасында мүмкіндігінше бәсекелестік тудыру үшін шетел инвесторына басымдық берер едім,
деді ол.