Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > Домбырамен не мәселе? Ұшаққа неге кіргізуге болмайды?
Әлеуметтік желіге шолу

Домбырамен не мәселе? Ұшаққа неге кіргізуге болмайды?

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 13.06.2023
Обновлено 13.06.2023 в 02:06
Поделиться
Сурет: arnapress.kz
Поделиться

Домбыраны ұшақ бортына кіргізуден бас тартқан әуе қызметкерлерінің әрекеті қазақстандықтарды тағы да ашуландырды. Атап айтқанда, SCAT авиакомпаниясының қызметкерлері жолаушыларды домбырасымен бортқа кіргізбей қойған. Видео әлеуметтік желілерде таралып, жұрттың талқысына түсті. Әуе тасымалдаушысы жолаушыларға музыкалық аспап үшін қосымша билет сатып алуды ұсынған болып шықты.  

Авиакомпания кейін жағдайды түсіндіріп, мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, қол жүгі ретінде музыкалық аспапты тасымалдау мүмкін емес. Өйткені рұқсат етілген габариттер – 55х40х20-дан асып кеткен. 

Тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап ететін багажды ӘК жолаушылар креслосында тасымалдауға болады. Мұндай багаждың салмағы 80 кг-нан аспайды, габариттері 30х40х90см мөлшерінен аспауы тиіс. (ұзындығы+ені+биіктігі). Жолаушы әуежайға қызмет көрсету алымдарын қоспағанда, ересек жолаушыны тасымалдау кезінде қолданылатын багажсыз тариф бойынша қосымша отыратын орынға билетті төлеуі тиіс. Оның құны қолда бар багажсыз тарифтің 100%-ын құрайды,

деп жауап берді SCAT.

Ал Желі қолданушылары музыкалық аспапты багаж бөліміне жіберуден қорқып отыр. Өйткені ол зақымдалуы мүмкін. Бірақ домбыра билеті үшін 100 мың теңге немесе одан да көп төлеуге дайын емес екенін айтады. 

“Бір домбыра үшін 100 мың теңге бөлек орын сатып алу керек деп айтқылары келе ме? Сандырақ қой бұл. Не сұмдық?”, – деп жазды олар. 

Бұған дейін мәжілісмен Ринат Зайытов авиакомпаниялардан қазақтың ұлттық аспаптарын ұшақ бортында тасымалдауға рұқсат беруді талап еткен болатын.

Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan бортсеріктері ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбей қойғанын айтқан болатын. Ақын бортсеріктердің талабына көнбей, сонда да домбырамен ұшаққа отырған.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас тудырды. Оқиға туралы әуе компаниясы түсініктеме берді. Ережеге сәйкес, музыкалық аспапқа бөлек орын сатып алынатынын, алайда ақын тарапынан ол талаптың орындалмағанын мәлімдеді.

ТЕГи: Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 13.06.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?