Белгілі журналист, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Ол 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген.
Бастапқыда техника саласында әртүрлі қызметтер атқарып, кейінгі отыз жылда журналистикамен айналысты. Саясаттанушы ретіндегі пікірлерімен де танылып, тәуелсіз сарапшы ретінде БАҚ-қа жиі сұхбат беретін.
Еңбек жолы:
— 1969-1975 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының инженері, кіші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі;
— 1975-1976 жылдары — Қазақ ғылыми-зерттеу және мемлекеттік фосфор өнеркәсібін жобалау институтының аға ғылыми қызметкері;
— 1976-1978 жылдары — Қазақ химия-технология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, оқытушысы;
— 1978-1986 жылдары — Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының сырттай оқу факультетінің аға оқытушысы, доценті, деканы;
— 1986-1991 жылдары — Арқалық педагогикалық институтының химия және биология кафедрасының меңгерушісі;
— 1991 жылы — «Арай-Заря» журналы бас редакторының орынбасары;
— 1991-1993 жылдары — экспорттық-талдау қызметі бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары;
— 1993-1994 жылдары — «Дәyip-Время» газетінің бас редакторы;
— 1994-1995 жылдары — «Арай-Заря» журналының бас редакторы;
1995-1999 жылдары — «Аргументы и факты Казахстан» газетінің шолушысы, 1999 жылдың қаңтарынан — «Өрлеу» қоғамдық қозғалысының төрағасы;
— 2002-2003 жылдары — «Эпоха» газетінің бас редакторы;
— 2004-2005 жылдары — «Начнем с понедельника» газетінің шолушысы;
— 2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Мысль» журналының бас редакторы.
Кейінгі жылдары Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған.
«Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации» кітаптарының авторы.