Қазақстанда 1 маусымда Семей қаласының атауын өзгертуге қатысты петиция құрылған болатын. Бастамашылар тарихи деректерге жүгініп Шығыстағы қаланы Алаш деп аталуын сұрап отыр. Олардың бұл талабы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, бір жағынан қолдауға да ие болған.
Семей деген сөз Семипалатинск сөзінің қазақша қысқартылған түрі. Ал Семипалатинск «Семь палат» сөзінен шыққан. Яғни Жеті шатыр, бұрын қалмақтардың жеті буддалық ғибадатханалары болған. Кейін қазақ — жоңғар соғысында қазақтар бұл жерді қайтарып алды,
дейді олар.
Алайда Абай облысының қоғамдық даму басқармасы қаланың атын өзгерту жоспарларында жоқ екенін мәлімдеді.
Семей барлық уақытта, тіпті «Алаш» қозғалысы кезінде де Семей болған. Біздің алдымызда қандай да бір атауды өзгерту туралы мәселе де, жоспарлар да жоқ,
деді басқарма өкілдері.
Ал кейбір тұрғындар қала атын ауыстырудың шығыны көп екенін алға тартып, керісінше сол қаржыға зауыттар мен жаңа жұмыс орындарын ашқан дұрыс деп есептейді.