Қоғам белсендісі Дидар Смағұловтың сөзінше, басшылық қылмыстық топ құрып, мемлекеттік сатып алулар бойынша келісімшартқа қол қойғаны үшін кәсіпкерлерден 700 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін алып отырған.
Басшылық осындай болса, қызметкерлердің қажетті жабдықтармен қамтылмағаны белгілі. Сондықтан осындай жағдай орын алған шығар. Өтірік қол қойылған бір келісімшарттың салдары ауыр болады,
дейді Смағұлов.
Айта кетейік, президентпен кездесу барысында көз жұмған орманшының қызы әкесінің ешқандай арнайы жабдықсыз өртті сөндіруге кеткенін мәлімдеді. Сөзінше, аяғына тек туфли киген. Ал түтіннен қорғайтын маска мүлдем болмапты. Тіпті рация да батареясы болмағандықтан жиі өшіп қалады екен.