Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
04.10.2023
Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
04.10.2023
«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
04.10.2023
Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
04.10.2023
Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Семей полигонының қаупі әлі сейілген жоқ
Қоғам

Семей полигонының қаупі әлі сейілген жоқ

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 29.08.2023
Обновлено 29.08.2023 в 11:08
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Қазақ даласындағы ең ауыр нәубет – Семей полигонының жабылғанына 32 жыл. 1991 жылы ядролық қарудан бас тартып, 1,5 млн тағдырды талқандаған ауыр азаптан арылдық.

Осы күні «сынақ ошағының айналасы қоршалды, радиация қаупі сейілді» деп жүрміз. Бірақ, шын мәнінде жергілікті тұрғындар Атом азабын әлі тартып келеді. Сол маңдағы халықтың жағдайы да мәз емес. Енді осы мәселені шешу үшін биыл Президент «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Хабар 24 телернасы хабарлайды.

Аталған құжат жергілікті тұрғындардың сұрауына жауап бере ала ма? Бұл шаһар Кеңес үкіметі кезінде әлемдегі ең жабық, құпия қаланың бірі болды. Мұнда тек рұқсат қағазы бар адамдар ғана кіре алды. Тіпті бұл жерді географиялық картадан да табу мүмкін емес еді.

Курчатов қаласы. Кезінде Советтің ярдролық өркениеті болған бұл қалада қазір Семей полигонына қатысты ең ауқымды зерттеулер жүргізіледі. Ғалымдар радиацияның өсімдік, жан-жануарға тигізер зиянын анықтайды. Қауіпті орындарға түрлі көкөніс егіп, құрамы қаралады.

Арнайы орындарда егілген өсімдіктердің құрамын зерттейміз. Кейін оны құрғатып, жойып жібереміз. Біз жүргізген кешенді зерттеу қауіпті және қауіпсіз аймақтарды нақтылауға көмектесті. Полигон аумағының басым бөлігі егістікке жарайды деген тұжырымға келдік,

деді ҚР Ұлттық ядролық орталығының өкілі Андрей Панинский.

Ғалымдар полигонды әлі толық зерттеп үлгермедік дейді. Тіпті радиация қалдықтарымен ластанған кей орындар әлі күнге дейін қоршаусыз, ашық жатыр. Соның бірі – Атом көлі.

Қалың қарашаның үрейін ұшырған Атом көлі деген – осы. Кеңес үкіметі кезінде қуаңшылықтың алдын алу үшін жазық даланың бойында жарылыс жасайды. Осыдан мынадай терең көл пайда болды. Бірақ іс жүзінде эксперимент сәтсіз аяқталды. Себебі, судың құрамы таза емес, жарамсыз болып шықты.

Қазір кейбір Атом көлінде жергілікті халық балық аулайды, малын суарады. Кейін сол малдың еті бүкіл өңірге сатылады. Радиация қаупі сейілді, енді қатер төндірмейді деген түсінік қой. Бірақ шын мәнінде, жағдай мүлдем басқаша.

Атом көліне жақындаудың өзі қауіпті. Себебі, ол жер әбден ластанған. Көлдің айналасы радиациялық қалдықтарға толы. Ол жерді көму керек. Балық аулаймын деп, адам өз өмірін қауіпке тігеді. Оны қоршау мәселесі көптен бері айтылып жүр. Алайда бұл біздің құзырымызға жатпайды. Біз тек қауіпті деген белгі қойдық,

деді ҚР Ұлттық ядролық орталығы РҚЭИ филиалы директорының орынбасары Евгения Мустафина.

Полигонның ортасын Шаған өзені кесіп жатыр. Жергілікті халық төрт-түлікпен күнелткен соң, тұрғындардың бір бөлігі осы өзенді сағалап, жағалай қоныстанған. Ең сорақысы, Шағанның зияны әлгі Атом көлінен әлдеқайда көп. Ал жергілікті халықтың тұрмысы мүлдем бөлек тақырып. Көп ауылдың базары тарқап барады.

Күнкөріс – мал ғой. Қымыз, сүт. Халық өз бетінше күн көріп отыр ғой. Дәрігерлер жағынан көмектессе, ауылда больница түк жоқ бізде. Ауырған-сырқаған адамға,

деді Саржал ауылының тұрғыны Шалқар Әмірғали.

Биыл мемлекет басшысы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңға қол қойды. Дәл осы құжат жоғарыда айтқан түйіткілдерді шешуге көмектесуі керек. Осының көмегімен Шаған өзені де, Атом көлі де қоршалады дейді мамандар. Одан бөлек, Семей полигонының айналасындағы қауіпсіз жерлер жергілікті тұрғындарға беріледі.

Тұрғындарға керегі де осы. Жайылым көп болса, тұрмыс та түзелер еді дейді олар. Оның үстіне туризмді дамытуға да мүмкіндік тууы мүмкін. Ал бұл қосымша жұмыс, сапалы инфрақұрылым. Заң келесі жылы күшіне енеді. Жарты жылдың ішінде қауіпті аймақтарды қоршап, қалғанын босатамыз дейді жауаптылар.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 29.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
  • Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
  • «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
  • Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
  • Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Маңызды

«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру

04.10.2023
Атақ және ақша

Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді

04.10.2023
Әлеуметтік желіге шолу

«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты

04.10.2023
ҚоғамДін

Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

04.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?