Өткен демалыс күндері әлеуметтік желілерде Семейде болған оқиға талқыға түсті, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сүйенсек, ер адам балалармен бірге лифтке кіріп, оларға жыныс мүшесін көрсеткен. Қорыққан балалар болған оқиғаны ата-аналарына айтып берген.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары ер адамның жеке басын анықтады. Ол Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны.
27 мамыр осы факті бойынша Әуезов ПБ ҚР ҚК 124-бабы (жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.
Қазір толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша заңды процесстік шешім қабылданатын болады.
ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу барысы туралы өзге де мәліметтер жария етілмейді.