Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ОСК отырысында Сенат депутаттарының алдағы сайлау науқанының мерзімі мен тәртібін айтты.
Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады. Бүгін президент жарлығының мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланып, күшіне енеді. Сондықтан кандидатураны ұсыну ертең (29 қараша) басталып, дауыс беру күнінен бір ай бұрын, яғни 14 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады,
деді Константин Петров.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну екі жолмен жүзеге асырылады:
Біріншісі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық мәслихаттарының сессияларында саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің кандидатуралары мәслихаттардың өкілдері арқылы ұсынылады. Бұл ретте бірнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкін;
Екіншісі – азаматтардың өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Бұл ретте кандидатты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың барлық мәслихаттары атынан өкiлдiк ететiн сайлаушылар жалпы санының кемiнде 10%-і, бiрақ 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап сайлаушылар дауысының 25%-нен аспайтын дауысы қолдауға тиiс. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинауымен расталады.