Түрік құтқарушылары қираған ғимараттар астында қалған адамдарды құтқару жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл жолы олар Зүбейде есімді кішкентай қызды аман алып шықты. Алайда қыз жер сілкінісі болғанынан бейхабар секілді. Ол тәтті даусымен құтқарушылардан «Үйге қалай кірдіңіздер?» деп сұрады.
Құтқарушылар қызды үйінді астынан шығарып жатқан сәтте оны әңгімеге тартып, көңілін аулады:
Құтқарушы: Зүбейде, жақсымысың?
Қыз: Иә, біз үйдеміз бе?
Құтқарушы: Иә, үйдеміз.
Қыз: Сіздер үйге қалай кірдіңіздер?
Құтқарушы: Терезеден кірдік. Терезеге қарадық, ол жақтан күшті иіс шығып тұрды. Сосын Зүбейдемен тығылыспақ ойнайық дедік. Міне, сені таптым.
Қыз: Аяғыма сіз су төктіңіз бе?
Құтқарушы: Иә, мен төктем. Су болып қалды ма, кешірім сұраймын…
Оған қоса қыз жанында кішкентай бауыры болуы мүмкін екенін, оны да шығаруын сұрайды.