40 жастағы теннисші Серена Уильямс жақын арада кәіби карьерасын аяқтауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Спортшы АҚШ-та өтетін Ашық чемпионаттан кейін спорттан түбегейлі кететінін айтты. Турнир Нью-Йоркта 29 тамыздан 11 қыркүйекке дейін болады. Теннисші мұндай шешім қабылдауына не түрткі болғаны туралы сұраққа былай деп жауап берді:
Білмеймін. Бұл туннель соңындағы жарық қана шығар. Ол неге ұқсайды? Білмеймін. Мен жарыққа жақындап келе жатқандаймын. Кейінгі кезде сондай болды. Мен үшін бұл — соңы. Мен сол жарыққа жететін уақытты күтіп отыра алмаймын.
Серена Уильямс — Үлкен шлемді 23 рет жеңіп алған теннисші. Ол Әйелдер теннис қауымдастығының 73 титулын жеңді. Оған қоса, Олимпиада ойындарында жұптық ойында үш алтын медаль, жеке жарыста бір алтын медаль алған.