Актердің экс-жары Say Mo-мен ажырасып кетуіне оның үйіне келген қонақтарды дұрыс күтіп алмауы себеп болған. Бұл туралы ол Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып берді.
Актердің айтуынша, ол Мөлдірмен (Say Mo-ның шын есімі) екі жыл азаматтық некеде тұрған, қызығын да, шыжығын да бірге көрген. Алайда үйленгеннен кейін бір айдан соң ажырасып кеткен. Бұған Мөлдір мен анасының ұрысы себеп болған. Мөлдірді енесі қонақ күтуге үйге тезірек жетуін сұраған. Мөлдір болса, «жұмысым көп» деп келмейтінін жеткізген. Содан ұрыс басталған. Актердің өзі бұл уақытта Грузияда түсірілімде жүрген.
Ол кезде мен түсірілім жұмыстарыммен Грузияда жүрдім. Анам Мөлдірге үйге қонақтар келді, үйге тез жет деген. Ал ол болса келе алмайтынын, жұмыстарының барын айтқан. Содан ұрыс басталған. Мөлдір маған звондады. «Неге сенің мамаң сөйтіп жатыр. Мен ондай келін емеспін» деді. Оның да сөзінің жаны бар. Анама: «Ол сенің затың емес, малайың емес» дедім. Анам болса келіні екенін айтты. Менің анам оның шешесімен қыдырып жүрген суретін Instagram-нан көріпті. Сол сәтте үйде Атыраудан келген қонақтар болған,
дейді актер.
Содан кейін Say Mo «актердің анасы бізге күн көрсетпейді» деп жамандап желіге бірнеше жазба жариялаған. Әншінің бұл әрекеті күйеуінің намысына қатты тиген.
Мен ажырасамын дедім. Біраз нәрсе айтты, ол менің намысыма тиді. Мені барлық жерден блоктап тастады. Қой десем қоймай, посттарды бірінен соң бірін жаза берді,
дейді Шәріп Серік.
Уайымнан актер тіпті минкроинсульт алып қалған.
Көзімді ашсам реонимобильде жатырмын. Микроинсульт алған екенмін. Оң жақ бетім тартып қалды. Содан ұйықтай алмадым. Ұйықтататын дәрі береді, сонда да ұйықтамадым,
дейді Шәріп Серік.
Алайда бұған ешкімді кінәламайтынын, өмірде болатын жағдай деп қарайтынын айтады. Сондай-ақ ол кезде өзі де анасынан сепарация жасамағандықтан осындай жағдай орын алғанын жеткізді. Бірақ болашақта Мөлдірмен қайта қосылуы мүмкін емес екенін айтты. Себебі, бұрынғы жаралар қайта ашылуы мүмкін екенінен қорқады.