Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары дүниеден өтті.
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ баспасөз қызметі растады.
Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біздің әріптесіміз ішкі істер органдарында үлкен жолды жүріп өтіп, қылмысқа қарсы күресте және тұрғындардың құқығын қорғауда орасан үлес қосты,
делінген хабарламада.
Бердімұратов соңғы рет ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. Әлеуметтік желідегі ақпарға сүйенсек, полиция полковнигі небәрі 43 жаста болған.