Ойлап қарасақ, бұл соғыс – жай ғана Ресей мен Украина арасындағы соғыс емес. Бұл – шал буын мен жас буынның соғысы.
Екі ұрпақтың ашық қақтығысы.
Ресейге қараңыз. Кәрі маразматиктер, геронтократтар, ашығын айтқанда, шіри бастаған шалдар соғысқа жастарды қуып жатыр. Бұл соғысты Ресейдегі қарт адамдар ғана қолдайды, 60+ жастағылар. Өйткені олардың өздері соғысқа бармайды.
Өз ғұмырын бейбіт заманда сүріп алған кәрі адамдар соғысқысы келмейтін бейбітсүйгіш жастарды таяқпен соғысқа қуып отыр. Ресей жастары соғысты қолдамайды.
Шындығы сол, Ресейді кілең қалт-құлт еткен шалдар басқарады. Қазіргі өмірге өздері сияқты өте ескі көзқараспен қарайтын.
Ал Украинада жағдай мүлдем басқа. Оның президенті – жас буынның өкілі, 40 жаста. Советтік-чекистік номенклатураның кабинетінде отырып көрмеген, ондайлардың кастасына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын адам.
Шалдар – жастарды жеңе алмайды. Бір аяғы көрде тұрса, қалай жеңеді? Сол себепті жастарды көрге сүйреп жатыр. Қалтыраған қолдарымен өз билігін сақтап қалу үшін.
Путиннің жасындағы шалдар Ресей билігінен 2019 жылы толық кетіп қалуы керек еді. Сол кезде-ақ жұрт жалыға бастаған, Путиннен шаршай бастаған. Заманауи өмірден қалып қалған адам елді қалай басқармақ?
АҚШ-та Пентагонның құпия құжаттары неге ұрланып жатады? Өйткені олардың әскери билігінде де кәрі шалдар отыр. Олар да ақпараттық дәуірдің рухын түсінбейді. Олар да Путин сияқты интернетке көмекшілерінің көмегімен кіреді. Сол себепті 21 жастағы жас жігіт Пентагонның құпия құжаттарын ұзақ уақыт бойы ұрлап келген.
АҚШ-та неге билікке Байден мен Трамп деген екі кәрі шал таласа береді? Өйткені АҚШ жастары басқа салаға ауып кетті. Пост-ақпараттық ғасырға, гаджеттер мен компьютер билейтін басқа әлемге кетті олар. Жастар АҚШ-тағы саяси архаиканы қабылдағысы келмейді, сол себепті Америкада жастар саясатқа бармайтын болған. Арасындағы бірен-саран сұмырайы болмаса.
Түркияда да солай. Жастар саясаттан, биліктен қашады. Оның орнына ағылшын тілін үйреніп, білімге ұмтылады. Олар Ердоғанды емес, еркіндікті қалайды.
Бұл – тарихшы Дмитрий Чернышевскийдің айтқаны.