2022 жылғы 3 желтоқсаннан бастап «Кувейт – Түркістан» бағытында тұрақты әуе рейсі қатынайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлімдеді.
Жолаушыларға «Jazeera Airways» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді. Сейсенбі және жексенбіде Airbus A-320 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.
Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек
делінген хабарламада.