Елде көмір тапшылығын болдырмау үшін осындай шара қабылданды.
Биыл болжам бойынша халыққа 7 миллион тонна қатты отын қажет болады.
Былтыр шекаралық аймақтарда халыққа арналған арзан көмірді шетелге тасу фактілері тіркелді. Бір ғана Жамбыл облысындағы үш бекет 120 мың тоннаны Қырғызстанға алып өткен. Биыл оның алдын алу үшін шекарадан автокөлікпен көмір алып өтуге тыйым салатын бұйрық шығарылды. Бірақ темір жол арқылы тасуға ешқандай шектеу жоқ.
Сарапшылардың пікірінше, 2022 жылдың наурыз айында Қазақстанда бір тонна көмірді 14,7 мың теңгеге сатып алуға болды. Зерттеушілердің баяндамасында еліміздің ірі қалаларының ішінде ең қымбат көмір Таразда сатылғаны – тоннасы 20,1 мың теңгеден сатылғаны айтылған.
Ең арзан көмір Қарағандыда: тоннасы 11,7 мың теңге.