Шетелдік БАҚ не деп жазады?
ЕО дағдарысы АҚШ үшін тиімді
Wall Street Journal газетінің жазуынша, газ бағасының шарықтауынан, болат, тыңайтқыш пен өнеркәсіпке қажетті басқа да шикізат өндіретін еуропалық компаниялар кәсіпорындарын АҚШ-қа көшіріп жатыр. Олар үшін энергия бағасының тұрақтылығы мен өнімнің дұрыс сатылуы маңызды. Сондықтан жасыл технологияларды дамытуға мықты қолдау болатын мемлекеттің көмегі керек.
Санкцияларды реттейтін гуру қажет
Bloomberg АҚШ қазынашылығына жаңа және жоғары бағаланатын бос орын пайда болды. Аталмыш бөлім әлемдегі қарсыластарға салынған санкцияларды реттеп отыруы керек.
АҚШ Қаржы министрлігі жиырма жылдан соң сыртқы саясатқа көбірек сүйене бастады. Сол себепті мұндай шаралардың тиімділігін есептей алатын білікті маманға сұраныс артты. Себебі ЕО тәжірибесі санкциялар әрқашан қажетті нәтиже әкелмейтінін көрсетті.
Санкциялар жөніндегі бас экономисттің қызметіне «фискалдық және ақша-несие саясатын, валюта бағамдарын, қаржы нарықтарын, банктік, инвестиция, сыртқы сауда, энергетика, көпжақты және екіжақты көмек, ресми қарыз және соған байланысты мәселелер» туралы кеңес беруді қамтиды.
Шенеуніктердің қарапайым тілі
The Guardian хабарлауынша, Жаңа Зеландия билігі халыққа жақындауың жаңа амалын ойлап тапты.
«Қарапайым тіл туралы» заң жобасы халыққа түсінікті, анық, жақсы ұйымдастырылған болуын талап етеді.
Жаңа Зеландияданың халқы үкімеке үміт арта білуі керек, сондай-ақ әр адамның құқығы бар екеніне сену керек,
дейді заң жобасын таныстырған депутат Рейчел Бояк.
Басылым шенеуніктердің іс қағаздарын жүргізу тілінің жай ғана «ақылды» сөздердің жиынтығынан тұратынына мысал келтірді.
Заң жобасы жалпыға бірдей қолдау таппады. Қолдаушылар нақты анықтамалар жетіспейтінін айтады, ал Жаңа Зеландияның оппозициясы бұл заң қоғаммен қарым-қатынасты жақсартпай, тек бюрократия мен ашық сөйлейтін шенеуніктердің санын арттырады дейді.
Пауэлл оңай шешімнен бас тартты
Fox News мәлімдеуінше, ФРЖ басшысы Пауэлл бірнеше ай бойы мөлшерлеменің көтерілуі экономикаға жеңіл шешім беруге көмектесетінін айтқан еді. Алайда бұл идеядан ол бас тартқанға ұқсайды. Өзгерістер
ФРЖ негізгі федералды қордың мөлшерлемесін үш ай қатарынан 75 базистік тармаққа көтеруге дауыс бергеннен кейін, Вашингтонда журналистердің алдында сөйлеген Пауэлл мәселенің оңай шешілмейтінін мойындады. рецессияға әкеліп соқтырады ма, жоқ па, егер болған жағдайда оның қаншалықты маңызды болатынын ешкім білмейді.
ФРЖ отырысынан кейін жарияланған жаңа экономикалық болжамдар саясаткерлердің жыл соңына дейін пайыздық мөлшерлемелердің 4,4%-ға дейін көтерілуін күтетінін көрсетеді. Бұл кем дегенде бір пайыздық өсімнің төрттен үш бөлігін құрайды.
Таза капитализмнің күйреуі
New York Times газеті нарықтық қатынастар мен жеке меншік құқығы бар капитализм дәуірі аяқталып келеді деп болжайды.
Бүкіл Еуропаның үкіметі электр энергиясы мен табиғи газдың сатылу бағасын бақылауға алып, энергетикалық компаниялар өз пайдасын көздеп отыр деп айып тағып отыр. Бұл ретте компаниялар бағаларын шектесе, құлдырауға ұшырауы мүмкін.
Кеше Ұлыбритания өнеркәсіпті үнемдеу үшін тұрмыстық энергия төлемдерін тоқтатты. Енді бизнес үшін де энергия құнын шектеп жатқанын айтты.
Кейбір еуропалық елдер одан да асып түсті. Мемлекет нарықтан жеке капиталды сығып, жеке энергетикалық компанияларды ұлттандыру процесін бастады. Көптеген сарапшылардың пікірінше, бағаны бақылау әлеуметтік шиеленісті төмендететін құрал. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің нарықтық қатынастарға араласуы жақсылыққа әкелмейді.