Осындай резонанстық заң қабылданғанға дейін дауыс беру өткізілді, оның нәтижелері бойынша бұл бастаманы ел халқының көпшілігі қолдады.
Нәтижесінде тыйымды парламент федералды заңға бекітті. Енді осы заңды бұзғаны үшін 1000 франкке дейін (526 мың теңге) айыппұл салынады.
Енді елдің қоғамдық орындарында мұрынды, ауызды және көзді жабуға тыйым салынады. Бір қызығы, дәстүрлі мұсылман киімдері ғана емес, шаңғы маскалары мен банданаларға да тыйым салынған. Осындай тыйым Франция мен Бельгияда қабылданған.