Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент жұртшылығымен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының шымкенттіктер алдында сөйлеген сөзі:
- Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;
- 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;
- қала бюджеті 4 есе өсті;
- қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 процентке артты;
- аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;
- кейінгі жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 процентке жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;
- кейінгі кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;
- инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;
- жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;
- Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;
- қалада кейінгі 2 жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.