Әнші Instagram-да өзінің жеке өмірі туралы эксклюзивті жаңалықпен бөлісті.
Ол бір кездері шоу-бизнестегі әріптесі Алмас Кішкенбаевпен жүргенін мойындады.
Белгілі болғандай, Алмас пен Сиви арасындағы қарым-қатынас екеуі де бозбала шағында болған.
Сенсация болсын. Алғашқы махаббатым, бірінші жігітім, 15-16 жасымда жүрген — Алмас Кішкенбаев. Алғаш рет бұл туралы айтып тұрмын. Қазір ол менің жан досым,
деп бөлісті Махмуди.
Әртіс алғаш махаббат сезімін Алмаспен бастан кешкенін атап өтті.
Ол 18 жаста еді, мен шамамен 15-16 жаста болатынмын. Қазір күліп еске аламыз,
деп қосты Сиви.
Белгілі болғандай, әншінің өзі де, балалары да бұрынғы күйеуімен сөйлеспейді.
«Жоқ, мен де, балапандар да мүлдем араласпайды», — деп мойындады Сиви.