29 қарашада әлеуметтік желіде Өскемен тұрғындарының шағымдары жазылған жазбалары пайда бола бастады. Онда азаматтар қаладағы түтіннен дем алу мүмкін емес екенін айтқан.
Zakon.kz тілшісі экология министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды сұрады.
Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, қалада 2-дәрежелі ҰМУ (қолайсыз ауа райы) болжамы жарияланған. Оған қоса 35 градус аязға байланысты жеке сектор, жылу электр стансалары мен қазандықтар барынша қатты қуатта жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, Өскемен арқылы тікелей ағатын Ертіс және Үлбі өзендерінің табиғи булануы байқалады.
Жоғарыда аталған фактордың барлығы атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Күкірт диоксиді мен қалқымалы заттардың шамалы артық болуы фактілері бар,
деді баспасөз қызметі.