2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұшқыштар құрамы, әскери медициналық мамандардың және әскери жоғары оқу орындарындағы оқытушыларының еңбекақысы көтеріледі. Олардың ақшалай үлесін 3 есе арттыру көзделген.
Келесі жылы Қорғаныс күштері қызметкерлерінің орташа еңбекақысы 60 пайызды құрайтын болады. Сонымен қатар, арнайы тағайындалған әскери мамандардың еңбекақысы 20 пайызға артады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифті санат бойынша қарулы күштеріндегі қатардағы әскери қызметшілер, сержанттардың еңбекақысы 30 пайызға артады.
Сонымен қатар, әскери қызметте 25 жыл болып келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшіге еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы беріледі.
2016 жылы 1 қаңтардан бастап әскери қызметтен кеткен қызметшілерге мемлекеттік базалық зейнетақы алу құқығы қарастырылған.
1998-2016 жылдар аралығында әскери қызметте болған қызметшілерге қызметтен кеткен күннен бастап зейнетақы мөлшері жылдық индексация көлемі бойынша берілетінін атап өтті.