«Алаңдауға негіз жоқ» депті.
17 ақпанда өткен парламенттік тыңдауда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматының сейсмикалық қауіпсіздігіне қатысты сұраққа жауап берді.
Мәселені Сенат депутаты Сергей Ершов көтерді. Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне тоқталып, бізде де Алматы сияқты сейсмикалық қауіпті аймақ бар екенін айта кетті. Осы орайда ол Роман Склярдан Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздік жағдайын қалай бағалайтынын және Түркиядағыдай қайғылы оқиға біздің елімізде қайталанбас үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын сұрады.
«Алматыда бір ғана институт бар. Ол – сейсмикалық аймақтардағы ғимараттарды жобалау мәселесімен тарихи түрде айналысып келе жатқан Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты. Қазіргі таңда алаңдауға негіз жоқ деп ойлаймын. Бұл мәселемен тиісті лауазымды тұлғалар айналысады, олар тиісті құжаттарға қол қояды және өз жұмыстарына жауапты», — деді Роман Скляр.