2023 жылдан бастап Қазақстанда соңғы қоңырау күні 1 маусымда, халықаралық балалар күнімен тұспа-тұс болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының ұзақтығы – 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні 1 қыркүйек болып саналады, ал енді биылдан бастап оқу жылының соңғы күні ол 31 мамыр күні болады. 31 мамыр – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. 1 маусым жазғы каникулдардың алғашқы күні болып саналады. Сонымен бірге бұл күні Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі,
дейді оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова