Астаналықтар жылы жаққа ұшып бара жатқан тырналарды видеоға түсіріп алды. Құстардың ерекшелігі сол, олар қатарласып тауға ұқсап ұшып барады.
Ескі вокзал жақта бір топ құстар ұшып барады. Біз тауға ұқсаттық, сіздер не нәрсеге ұқсатасыздар?
делінген Astanovka98 Instagram-парақшасында.
Видео астында оқырмандар мынадай пікір жазып жатыр:
Бұл — Қазақстанға қоныс аударып жатқан Ресей құстары.
Кітап оқысаңдаршы! Бұл — сыналап ұшқан тырналар. Тырналар тыраулайды. Білім берудің болон жүйесі жемісін беріп жатыр.
Соғыс болмасын. Соғыс болса, қайта оралмайды, құстар қайтып келіңдерші.
Олар Көкталда шыр айналып жүріп, өзінің үйірін күтті. Сосын үшбұрыш боп қатарласып, ұшып кетті.
Құстан жасалған кортеж, Тоқаевқа ұшып барады.