Екібастұз тұрғындарының жылусыз отырғанына бірнеше күн болды. Мемлекеттік энергия қадағалау комитеті зерттеуінің алдын ала қорытындысы бойынша жылу желілері бұзылған. Ал оған станция қызметкерлерінің қатесі себеп болған.
Тексерулердің нәтижесі бойынша құбырлардағы ақаулар станциядағы қызметкердің қате әрекет жасауынан болған. Салдарынан желідегі қысым артқан. Қысым жоғарылап кеткендіктен құбырлар көп жерден жарылған, — деді Роман Скляр баспасөз жиынында.,
деді Скляр.
Оның айтуынша, 27 қарашада бір сәтте желіде 43 құбыр жарылу фактісі анықталса, 28 қарашада тағы 30 ақау қосылған.
Апат ЖЭО-да болған жоқ. Апат желілерде болған. Ақаулар шығып, құбырлардан су көп жоғалғандықтан жылу энергетикалық орталығындағы қазандықтар автоматты түрде тоқтаған. Жылу энерегетикалық орталық жағдайы жақсы болмаса да жұмыс жасап тұр,
деді Роман Скляр.
Дегенмен осы тұста әлеуметтік желіде ЖЭО ішінен түсірілген кадрлар пайда болды. Видеоға қарағанда, ондағы жабдықтар іске жарамсыз күйже. Үй-жайлар мұз бен қармен жабылған.