Science Advances журналы Огайо штатының университет ғалымдарының ашқан жаңалықтарымен бөлісті. Олар жаттығу кезінде қандағы қант деңгейін анықтайтын және тер арқылы денсаулық көрсеткіштерін талдай алатын сымсыз биохимиялық сенсорды әзірледі.
Бір қызығы, құрылғы батареясыз жұмыс істейді және өте жұқа материалдардан жасалған. Бұндай дизайн құрылғыны өте икемді етіп, қабілеттілігін қорғауға және арттыруға ықпал жасайды. Адам терісіне еш зиянын келтірмейді.
Құрылғының жұмыс істеу принципі
Биосенсор кеудеге алқа сияқты бекітіледі. Ал ол жұмыс істеу үшін радиожиілік сигналдарын көрсететін резонанстық тізбекті пайдаланады.
Ғалымдар құрылғыны сынақтан өткізді. Оған тренажерлерде жаттығулар жасап, арасында тәтті су ішкен еріктілер қатысты. Нәтижесінде сенсор шыққан тердің негізінде қандағы глюкоза дейгейінің өзгеруін дұрыс анықтады.
Гаджеттің мүмкіндігі орасан зор дейді өнертапқыштар. Себебі биомаркерлер адам денесіндегі ең тың құпиясын аша алады. Адам ағзасындағы сұйықтықтарда, онің ішінде тер, көз жасы, сілекей мен зәр арқылы аурудан бастап, тіпті эмоцианалдық көңіл-күйіне дейін анықтай алады.
Тердің құрамын талдаудан басқа, зерттеушілер бұл сенсорды нейротрансмиттерлер мен гормондарды анықтау үшін биоимплант ретінде пайдалануға болады деп санайды. Мысалы, мидың қайталама зақымдалуымен байланысты жұлын сұйықтығындағы иондық бұзылыстарды анықтауға және адам ағзасындағы ішкі процестер туралы көбірек білуге көмектеседі.
Ақыр соңында бұл сенсорларды жеке заттарымызға оңай біріктіруге болады деп үміттенеміз. Біреу алқа тақса, кейбіреулері жүзік пен сырғаны таңдайды. Осы құрылғыны күнделікті қолданысқа қажет заттармен бірге киюге болатындай жағдай жасағымыз келеді. Бұл денсаулығымызды өзіміз бақылап, оны жақсартуға көмектеседі,
деді әзірлеу авторларының бірі Цзинхуа Ли.