Шектеу шаралары екі кезеңге бөлінеді.
Өңір «қызыл» аймаққа кірген жағдайда халық Ashyq жүйесіне оралып, қатаң шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бүгінде «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан ғана бар.
Егер аймақ «сары» аймақта орналасқан болса, бизнеске ауыртпалық түсіретін қандай да бір қатаң шектеу шараларын енгізу көзделмейді,
деп мәлімдеді жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.
Басшының айтуынша қазір бұл мәселе «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, талқыланып жатыр. Шешім ведомствоаралық комиссияның қарау нәтижесі бойынша қабылданады.
Еске салайық, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 2480 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 796
- Алматыда – 722
- Шымкентте – 105