Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Қазақстан Мәскеумен қарым-қатынасын қайта қарауды жөн көрді.
The Wall Street Journal басылымы Орталық Азияның Ресеймен шекаралас жалғыз мемлекеті – Қазақстан өзінің қарым-қатынасын қайта қарастырып, АҚШ, Түркия мен Қытайдан одақтастар іздей бастады деп жазды.
Көп жылдар бойы Қазақстанда Ресей мен Қытай арасындағы «еңбек бөлінісі» байқалып келді. Мәскеу қауіпсіздікті қадағаласа, Пекин экономикаға жауапты болды. Алайда Украинадағы соғыстың басталуы жағдайды өзгертті. Сәуір айының соңында Қытайдың ұлттық қорғаныс министрі Вэй Фэнхэ қазақстанға жұмыс сапарымен келіп, екі ел әскери ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Сондай-ақ Қазақстан НАТО құрамына кіретін Түркиямен тығыс байланыс орнатуға ниетті. Тоқаев Анкараға сапарында Қазақстанда әскери ұшқышсыз ұшақтарды бірлесіп өндіру туралы келісімге қол қойды. Сәуір айынан бастап Қазақстанға бірнеше америкалық шенеунік келді, мысалы, маусым айында елге АҚШ орталық қолбасшылығының жаңа басшысы, армия генералы Майкл Эрик Курилла келді.
Сәуір айында Қазақстан қорғаныс бюджетін 441 млрд теңгеге ұлғайтты (салыстыру үшін: 2021 жылғы желтоқсанда ҚР әскерге, полицияға және ТЖ органдарына 859 млрд теңге бөлді).
Жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, ақшаның бір бөлігі елдің әскери резервін ұлғайтуға жұмсалады. Оның айтуынша, Қазақстан Украинаның қатал қарсылығынан сабақ алды. Сол себепті армияны гибридті соғыспен күресуге қабілетті және мобильді етіп реформалуы тиіс.
Батыста кейбіреулер Ресей армиясы қауіпті қарсылас емес деп ойлайды. Алайда Орталық Азия елдерінің біріндегі жоғары лауазымды шенеунік Ресейдің амбицияларынан қорқу керек деген пікір білдірді:
«Қазір оларды қызықтыратын тек Шығыс Еуропа мен Украина. Олар бар күшін сонда бағыттаған. Егер Украина болмаса, келесілер біз болмақпыз ба?
Қазақстан, Ресеймен көршілес орналасқан Орталық Азияның басқа елдері сияқты Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін соғысқа қатысты бейтарап ұстанымда қалды.
17 шілдеде өткен Петербург Халықаралық экономикалық форумы барысында Тоқаев Ресей негізгі одақтас болып қала беретінін айтты.
Қазақстан қандай да бір жолмен өзінің одақтастық міндеттемелерінен бас тартпайды.