«The Muslim 500» басылымы жылына бір рет әлемдегі ең ықпалды 500 адамды анықтап отырады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне енді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі «Саясат» бөлімінде берілген.
24 шілдеде мемлекет басшысы Исламның басты киелі ордасы – Мекке қаласында умра (кіші қажылық) жасады. Тоқаев ерекше құрметпен марапатталды — ол ерекше жағдайларда есіктері мәртебелі қонақтар үшін ашылатын Қағбаның ішіне кірді.
Ал Димаштың аты «Өнер және мәдениет» бөлімінде жарияланған.
Димаш Құдайбергеннің есімі алғаш рет «The Muslim 500» жыл сайынғы шығарылымында пайда болды. 2009 жылдан бастап жыл сайын әлемдегі ең көрнекті мұсылмандардың қатысуымен The Muslim 500 тізімі жарияланады,
делінген Instagram-дағы DimashNews парақшасында.
«The Muslim 500» басылымы жылына бір рет мұсылман әлеміне айтарлықтай ықпалы бар мәдениет, идеология, қаржы, саясат және басқа да билік саласындағы әлемдегі ең ықпалды 500 адамды анықтап отырады.
Сонымен қатар, үздік 50-лікке Марокко королі Мұхаммед VI, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман, ағылшындық «Ливерпуль» клубының мысырлық футболшысы Мұхамед Салах пен «Талибан» қозғалысының жетекшісі Ахунзада кірген.