Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ет экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құжаттарға қол қойды.
24-25 шілде күндері екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық ет өндірушілер енді сиыр еті мен қой етін Сауд Арабиясына экспорттай алады. Тиісті келісімдер қабылданды.
Сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитарлық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойылды. Құжат қазақстандық ет өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.