Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
24.03.2023
Астанада 5 жасар қыз зорланды
24.03.2023
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
24.03.2023
Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
24.03.2023
Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді
24.03.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Қазақтарды құрметтемейді және карантин келме – маусымда аймақ тұрғындарын не ызаландырды
Басты жаңалықтарИнсайдер

Қазақтарды құрметтемейді және карантин келме – маусымда аймақ тұрғындарын не ызаландырды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 18.07.2022
Обновлено 18.07.2022 в 12:07
Поделиться
Поделиться

Alem RESEARCH аналитикалық компаниясы маусым айында аймақ тұрғындарының наразылығын тудырған және әлеуметтік шиеленіске әкелген басты тақырыптарды ұсынды. Мемлекеттік органдар әлеуметтік желіде туындаған наразылықтармен жұмыс жасамайды, тіпті қарапайым ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары да жүргізілмейтінін атап өткен жөн.

Мазмұны
Тіл мәселесіЛРТ-дан  жалған жобаларғаЯндекс такси – кет!Жолдағы кедергілер мен шаршатқан карантинҚант дүрлікпесіАуылполис…

Әлеуметтік желі жаңалықтарына шолу төрт өңір бойынша жасалды. Бұл тізімге ең көп қаралым және пікір жинаған БАҚ материалдары кірді.

Тіл мәселесі

Нұрсұлтан қаласында ерекше талқыланған тақырып — тіл мәселесі мен тізесі шыққан ЛРТ.

YouTube желісінде пайда болған бейнероликте  елорда тұрғыны екі сатушыдан қазақ тілінде қызмет көрсетуді сыпайы және шыдамдылыққпен сұрап, дүкенді сотқа беруге уәде береді. Аталмыш ролик пайдаланушылар арасында қызу талқыға түсті.

Ер адамның табандылығы халықты тәнтті етті. Басқалары қазақтарды мемлекеттік тілді дамыту үшін осындай қадамға баруға шақырып, мемлекеттің кейбір азаматтары қарапайым тұрмыстық деңгейде қазақ тілін үйренгісі келмейтіндері ашуландырды.

Кейбір комментаторлар мәселені түбегейлі жойғысы келмейтін билікті айыптаса, радикалды көзқарастағы қолданушылар қазақтарды құрметтемейтіндерді елден қуып шығу керек деген пікір қалдырды. Алайда мұндай пікірлер аз.

Әлеуметтік желілерде ролик пайда болғаннан кейінгі екінші тәулікте халық дүкеннің мекенжайын талап ете бастады, барлығына қазақ тілінде қызмет көрсетуді немесе тіпті бойкот жариялауды ұсынды. Іс қиратуға дейін жетпеді, бірақ клиенттің заңды талабын орындамаған екі сатушыны және қазақ күзетшілерін жұмыстан шығару бірауыздан қолдау тапты.

Бұл ретте роликтің өткен жылдың шілде айында түсірілгеніне ешкім назар аудармаған. Ал тақырыпты көтерген жалған аккаунт пайдаланушысы болуы әбден мүмкін.

ALEM RESEARCH сарапшылары  тіл мәселесі әлеуметтік шиеленістің өсуінің ең оңай жолы болып қала беретіндігінің жарқын мысалы екенін атап өтті.

ЛРТ-дан  жалған жобаларға

LRT аббревиатурасы туралы кез-келген ескерту бірден теріс реакция тудырады. Қазақстандықтар үшін бұл рефлекс болғанын түсінетін кез келді. Алайда елорда әкімі осы тақырып төңірегінде толық сұхбат беріп, қосымша жарты миллиард доллар неге қажет екенін түсіндіруге тырысты.

Бұл қаражат көлемі жайында пікір қалдырмаған жан қалмады. Кейбірін Өзбекстан LRT-ны қалайша арзан салды деген сұрақ мазалауда.

Нұрсұлтан тұрғындары әкімді, президентті, үкіметті және жалпы шенеуніктерді  сынға алып, аталмыш ақшаны елорданың қандай проблемаларын шешуге жұмсауға болатыны туралы ойларымен бөлісті.

Ал телеграмм-арналардың бірі тақырыпты ауқымды деңгейде талқылады. Ол экономикаға да қоғамға да еш пайда әкелмеген барлық жобалардың тізімін жариялады.  ЭКСПО, Азиада, ҮИИД нысандары, 30 корпоративтік көшбасшы, ұлттық чемпиондар және т.б. шығындары есептелді. Жалпы сома әсерлі, алайда желі пайдаланушыларын ашуландырмады.

Яндекс такси – кет!

Маусым айында Алматыда да тіл мәселесі көтерілді. Бұл жолы баласы бар әйел туралы постқа назар аударылды. Такси жүргізушісі онымен қазақша сәлемдескені үшін жарты жолда қалдырып кеткен.

Оның айтуынша, әйел компанияға жүгінгеннен кейін, Яндекс такси кешірім сұрап, моральдық зиянды өтеу ретінде 1 500 теңге жіберген. Комментаторлар такси жүргузішісін ғана емес, жалпы орыс компаниясын қуу керектігін алға тартты.

Мәселе әрі қарай тіпті өршіді. Қазақтарды құрметтемейтіндерді ұрып-соғуға, ал Ресей алдында өз халқының деңгейін түсіріп бас иетін билік басындағыларды ауыстыру үндеулері айтыла бастады.  Сондай-ақ, «шыдап кетуге кішкене ғана қалды» деген ойлар да кездесті.

Полиция да сынға ұшырады. Пост авторының айтуынша, құзіретті орган такси жүргізушісіне қатысты қылмыстық немесе әкімшілік тәртіпте іс қозғаудан бас тартты.

Жолдағы кедергілер мен шаршатқан карантин

Қала билігінің кез-келген бастамаларын Алматылықтар қастықпен қабылдайды. Олар әкімшілік бастаған жұмыстардың өте сирек жақсы аяқталатынына үйреніп қалған. Бұл жолы да дәл солай. Балкондарды бірдей сәулет стиліне енгізу туралы жаңа өзгерістер қабылданбады.

Алдымен әкімдікке жоғалған алма бақтарынан бастап, ағаштарды кесу арқылы нүктелік құрылысқа дейінгі 30 жылдағы сәтсіздіктердің бүкіл тарихын еске алды. Содан кейін, жыл сайынғы «жол жиектемесі тарихына» сілтеме жасай отырып, әлеуметтік желі белсенділері пластик терезелер зауытының иесін тауып, дизайн-кодтың осыған ойлап табылғанын жазды.

Басылымдардың бірі өте қысқа материалды жариялады. Онда Қазақстанда, оның ішінде Алматыда бар коронавирусқа қарсы вакциналардың тізімі көрсетілген. Үкімет аурудың ушығуы туралы әңгімелері аясында бұл тақырып өте қатты талқыланып, теріс пікірлерге толды.

 «Вакциналар зұлымдық» немесе «бізді чиптеуде» стиліндегі өте сирек пікірлер карантин тақырыбына келгенде жай ойыншық болып қалған сияқты. Оқырмандар карантинге расымен жабылып қалғандай, өткен тәжірибенің кемшіліктерін еске түсірді. Олардың пікірінше қазір ешқандай карантин қажет емес.

Қант дүрлікпесі

Қарағанды облысында маусым айында ең көп наразылық тудырған негізгі тақырып — қант дүрлікпесі. Әлеуметтік желілерде  Қарағанды супермаркеттерінің бірінде болған қант үшін талас туралы «31 арна» сюжетінің кадрлары тарады. Қанттың жеткізілуі төңірегіндегі сұрақтар шиеленсе түсті, ал топырлаған адамдар қанты сөреге жеткізбей, тартыса кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары халықты осыған мәжбүрледі деген пікір қалдырды. Сауда министрінің қант тапшы емес, ол барлық аймақтарға жеткілікті және бағасы қолжетімді деген сөзі жалған деген айыптаулар тағылды. Қарағандылықтар суретке түсіріп,  оның құны 700 теңге және одан жоғары екенін дәлелдеп, көтерме бағасы 800-асқандықтан үй жанындағы дүкендер тіпті сатудан бас тартқанын жазды.  

Жергілікті әкімшілік те сынға ұшырады. Оның өкілдері тапшылық болмайтынын, және бағаның төмен екеніне халықты сендіріп, тұрғындарды у-шу шығармауға шақырған.  

Ауылполис…

Шымкентте қала әкімі сынға ұшырады. Қалалық белсенділердің бірі Фейсбук желісінде тікелей эфирге шығып, бірнеше жыл бұрын әлеуметтік тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы бойынша  тапсырылған Тұран шағын ауданы тұрғындарының  жағымсыз жағдайға ұшырағанын жариялаған. Жеке баспанаға қолы жеткен халық бақытқа бөлене алған жоқ.

Тікелей эфирдің себебі жарықтың күтпеген жерден сөнуі болды, нәтижесінде үлкендер мен балалар лифтілерде қалып қойған. Бұл форс-мажор емес, жергілікті электр желісінің тұрақты жағдайы. Сонымен қатар, үйлерде әлі газ жоқ, су арасында бірнеше күнге жоғалып кетеді. Жаңбырлы кезде төбеден су кетеді, тіпті тұрғындар сорғыларға қаражат жинауға мүжбүр болған. Жақын маңда әлеуметтік инфрақұрылым жоқ. Ал аудандық әкімдік қоңырауларға жауап бермей, үн-түнсіз отыр. Қалалық болса бәрі жақсы болады деп уәде етуде.

Халықтың шыдамы таусылуға жақын. Тұран тұрғындары арнайы топ құрып, президентке шағыммен бармақ ойлары бар. Олар мегаполситен қаланы ауылполиске айналдырған шымкент тарихындағы ең нашар әкімді алып тастауын сұрамақ.

Тұрандықтарға басқа аудандардың тұрғындары да қосылды. Қалада мәселелер жеткілікті, ал шымкенттіктер әкімдіктің жұмысына наразы.

ТЕГи: Главное
Сая Манарбековна 18.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді
  • Астанада 5 жасар қыз зорланды
  • Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі өзбек кәсіпкеріне тиіп алды
  • Алматыда ішек обыры дертінің өлімі көбейді – онколог
  • Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді

Недавние комментарии

  1. Tem к 1 сәуірден бастап Ресей билігі 400 мың адамды әскерге шақырмақ
  2. Tem к Алматылықтар «Пинта» барларына бойкот жариялады
  3. Tem к «Сүйіп қалсам да, тұрмаймын»: Анар Батырхан ауыл жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтты
  4. Tem к Бұл – Ресей. Берген «шубаны» 5 минуттан соң шешіп алды
  5. Tem к Арестович: Екінші Дүниежүзілік соғыста қазақтар — ең үздік әскери күш болды

Вам также может понравиться

Шетел басылымына шолу

Молдова тілі енді жоқ. Неліктен Молдова өз тілін румын тілі деп өзгертті

24.03.2023
Денсаулық

Ораза және эпилепсияға қарсы терапия: дәрігер кеңесі

24.03.2023
Әлеуметтік желіге шолу

Қазақтардың Наурыздағы тамаққа таласы талқыға түсті

24.03.2023
Әлеуметтік желіге шолу

«Әлихан Бөкейханов Кенесарының басын тығуға көмектескен». Тележүргізуші күтпеген мәлімдеме жасады

20.03.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?