Әлемдік БАҚ не туралы жазады
Нарық тап болған белгісіздік
Федералдық резервтік шенеуніктердің арзан несие саясатына қайта оралмайтыны анық, деп жазады The Wall Street Journal. ФРЖ небәрі екі –ақ сағатта базалық мөлшерлемені бірден 0,25%-дан 2,5%-ға дейін көтерді. Әдетте шешім екі күнде қабылданатын.
Басылымның мәліметінше биыл мөлшерлеменің көтерілуі нарықтардың құлдырауына әкелді. Алайда нарық бұл жолы қарқынын ұлғайта түсті. ФРЖ басшысы Джером Пауэлл күзде бағаның қайта өсу болжамы әлі нақты емес деп түсіндірді.
Инвесторлар бұндай белгісіздікті жақсыға жорып, ақша-несие саясатының жеңілдейтініне сенеді.
Банктер қор жинауға кірісті
Bloomberg Қытай банктері капиталдарын өсу қамына кіріскенін хабарлайды. Қаржы нарықтарынан рекордтық түсім түскен: 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында банктер өткен жылмен салыстырғанда облигацияларды 29%-ға көп сатқан. Жергілікті үкіметтер қолма-қол ақша тапшылығы бар аймақтық несие берушілерге көмектесу үшін мемлекеттік облигацияларды сатудан түскен қаражатты да бөлді.
Қытайдың қаржы жүйесі экономикалық құлдырау мен тұрғын үй дағдарысының өсуіне байланысты үмітсіз несиелердің күрт артуына дайындалып отыр деп есептейді басылым.
Ресеймен мәміле
Байден әкімшілігі Мәскеуге күтпеген жерден ұсыныс жасады, деп жазды The Guardian. Келісім Ресейде есірткі тасымалдағаны үшін ұсталған WNBA жұлдызы Бритни Гринер мен 2018 жылы тыңшылық жасағаны үшін түрмеге жабылған бұрынғы теңізші Пол Уиланды елге қайтаруға бағытталған.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен келіссөздердің сәтті аяқталатынына сенетінін жеткізді. Себебі Ресей бір кездері «өлім сатушысы» атанған Виктор Буттың ісіне бірнеше жылдар бойы қызығушылық танытқан. 2012 жылы ол миллиондаған долларға қаруды заңсыз сату үшін сөз байласқан деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылды.
АҚШ үкіметі тұтқындарды айырбастауға ұзақ уақыт бойы қарсылық білдіріп келді. Ойларынша бұл тұтқынға алу жағдайын тудырып, заңсыз ұсталған американдық мен шетелдік арасындағы теңсіздікке әкелуі мүмкін.
Бірақ сәуір айында АҚШ-тың теңіз флотының ардагері Тревор Ридті түрмедегі ресейлік ұшқыш Константин Ярошенкоға айырбастау туралы келісім болашақта осындай шешімдер қабылдауға жол ашқан сияқты.
Әр түрлі әрі қауіпті
Fox News Бутты Гринер мен Уиланға айырбастау мәселесін басқа қырынан ашты. Басылым мұндағы теңсіздікке назар аударды.
Бұрынғы ЦРУ қызметкері, қазір Ресей бойынша жазушы әрі сарапшы Ребекка Коффлердің айтуынша, Ресей билігі Бутаны өте бағалы актив санағандықтан оны еліне қайтаруға барын салды.
Мәскеу оны қайтарғысы келеді, өйткені оның бұрынғы агенттігі ГРУ-мен бөлісетін маңызды тәжірибесі бар.
АҚШ түрмесінде болып, америкалық шенеуніктердің тергеуіне алынған ол біздің барлау қызметінің қыр-сырын және Ресейге қажетті құнды басқа да ақпаратты біліп отыр.
Гринер ханым мен Уилан мырзаға қаншалықты жанашырлық танытсақ та, АҚШ Виктор Буттан бас тартуы үлкен қателік болар еді.
деп мәлімдеді «Путин кітабы: Ресейдің Американы жеңу жөніндегі құпия жоспары» кітабының авторы Коффлер.
Мифтің талқаны шықты
The New York Times әртүрлі ауруларды емдеу мен алдын алуда D дәруменінің тиімділігіне арналған зерттеу нәтижелерін жариялады.
Дәрігерлер ұсынатын дәрумен курсы көпшілікті сүйек сынуынан қорғамайды және басқа аурулардың алдын алмайды. Бұл бүкіл әлем дәрігерлері қолданатын емдеу хаттамаларының дұрыстығына күмән тудырып отыр.