Көмірді қайтару
Шикізаттың жетіспеушілігі климаттың өзгеруіне қарсы тұру міндеттемелеріне қарамастан, елдердің ең лас қазбалы отынға оралуына әкеледі, деп жазады The Wall Street Journal.
АҚШ-тан Еуропа мен Қытайға дейін әлемнің ең ірі мемлекеттері электр энергиясының жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді көмір сатып алуды ұлғайтуда. Алайда көптеген әлем елдері климаттың өзгеруімен күрес мақсатында көмірді аз тұтынуға берген уәделерін ұмытып кеткен сыңайлы.
Қытай тұйығы
Вloomberg мәлімдеуінше, осы аптада АҚШ президенті Джо Байден қытайлық тұтыну тауарларына кейбір тарифтерді алып тастауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өнеркәсіптік субсидияларды жаңадан қарастыруға да байланысты болады, яғни технологиялар сияқты стратегиялық салаларда арнайы алымдар саны өсуі ықтимал.
Байден әлі нақты шешім қабылдамады сол себепті мерзімі де өзгеруі мүмкін. Бірақ басылымның жазуынша, Ақ үйдің Қытайға деген саяси көзқарасы қатал болып қала береді. Ал Пекин тарифтердің көлеміне қарамастан өз тауарларының экспортын шектеуі мүмкін.
Зейнетке шығу кейінге қалдырылады
60 жастан асқан британдықтар өмір сүрудің қиындауына байланысты жоспарларын өзгертіп, зейнетке шығудан бас тартуда, деп жазады The Guardian
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан берілетін және жинақталған зейнетақы көптеген егде жастағы адамдардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Scottish Widows ұйымының есебі бойынша британдықтардың оннан бір бөлігі зейнетақы қорына ақша аударуды қысқартқан немесе мүлде тоқтатқан. Бұл ретте халықтың төрттен бір бөлігі өз жинақтарын жоғалтыпты.
Қыс жақын…
Fox news Еуропадағы энергетикалық дағдарыстың жаңа кезеңі туралы жазады.
Германия Кәсіподақтар федерациясының (DGB) басшысы жексенбі күні елдің негізгі салалары қиындықтарға тап болғанын ескертті. Егер Ресейден табиғи газ тоқтатылса, жағдай мүлдем ушығуы мүмкін.
Бүтіндей салалар түпкілікті күйреу қаупінде: алюминий, шыны, химия өнеркәсібі. Мұндай өзгерістер Германияның экономикасы мен жұмыс орындарына кері әсерін тигізеді,
деді Ясмин Фахими Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Германияның энергетикалық агенттігінің басшысы Ресей табиғи газды жеткізуді тоқтату қаупінен сақтану мақсатында, тұрғындарды қысқа дайын болуға, энергияға сұраныс артқан кезде оны үнемдеуге шақырырды.
Федералды желі агенттігінің президенті Клаус Мюллер жер үй мен пәтер иелерін газ қазандықтары мен радиаторларды ретке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруды ұсынды.
Мюллердің айтуынша, жылжымайтын мүлік иелері мен тұрғындар қаһарлы суық күндерге дайын болуға үндеді. Оған 12 апта қалды. Оның айтуынша, әр бір отбасы қажетті бөлмелерін ғана қысқа ыңғайлы температураға ыңғайлындарғаны дұрыс.
Вакцина болады, бірақ кейінірек
Коронавирустың соңғы Omicron түрімен күресу үшін үкімет жаңа вакциналарды бекітті деп мәлімдейді New York Times. Алайда, оның өндірісі күзден ерте басталмайды. Ал вирус жұқтырғандардың саны өте жылдам өсіп, 2021 жылдың ең жоғары көрсеткішіне жақындап қалды.