Categories: Экономика

Эстония Қазақстаннан жүк алуға ниетті

Эстонияның мемлекеттік теміржол компаниясы Operail санкцияларға байланысты Ресей тауарларын  тасымалдай алмайды. Енді Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан жүк жеткізбек. Бұл туралы компания басшысы Рауль Тоомсалу ERR телеарнасына айтты.

Тоомсалудың айтуынша, Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Эстония темір жолдарындағы жүк тасымалдау көлемі 60%-дан  астамға төмендеді.

2021 жылы айына орта есеппен 1,2 млн тонна тасымалдадық. Осы жылдың бірінші жартысында, әсіресе маусым айында жүк тасымалының көрсеткіші төмендеп кетті. Бүгінде айына 500 мың тоннадан аз тасымалдаймыз,

деді Тоомсалу

Көптеген вагондар мен локомотивтер бос тұр.  Компания тоқтап тұрған жылжымалы құрамды іске қосу үшін Орталық Азия елдері: Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстаннан жүк іздестіріп жатыр.

Орталық Азия елдерінің арасында Қазақстанның әлеуеті зор. Тауарды Балтық дәлізі мен Финляндия арқылы тасымалдауға болады.

деді, Оperail компаниясының басшысы

Дегенмен Ресей өзінің темір жолы арқылы Эстонияға бара жатқан вагондарды кез-келген сәтте тоқтатып тастай алады, деп қауіптенеді Тоомсалу.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago