Еуропа елдері бұрын-соңды болмаған ыстықты бастан кешіруде: континенттегі температура рекордтық деңгейге жетіп, ормандар отқа оранып жатыр, деп хабарлайды BBC News. Билік жергілікті тұрғындар мен туристерді эвакуациялауды бастады. Оқиға орындарына өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылар барынша жұмылдырылған.
+40°C температурамен Еуропа қалай күресуде? Назарларыңызға фотогалерея.
Ұлыбритания
Сейсенбі күні Ұлыбритания тарихында темература алғаш рет 40°С-тан асты. Жергілікті халықты үйлерінен шықпай, мүмкіндігінше көлікпен жүрмеуге кеңес берді. Кезекшілікте болғандар, оның ішінде мынау Лондондағы корольлік гвардияшы ыстықтан сақтануға тырысты.
Лондонда және оның төңірегінде рекордтық аптап ыстық өртке ұласып, шөп отқа оранды. Шығыс Лондондағы Веннингтон ауданында өрт бірнеше үйді шарпыды.
Франция
Францияда өрт салдарынан алқаптардың басым бөлігі жойылды. Салдарынан мыңдаған адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Мынау өрт сөндірушілер газ баллондарын қонақүй бассейніне лақтырып, жарылудың алдын алды.
Париж тұрғындары мен туристер ыстықтан сақтану мақсатында барлық тәсілдерді қолдануға мәжбүр. Мысалы Лувр алдындағы субұрқақтағы суға шомылу.
Швейцария
Көрші Швейцарияда аптап ыстықтан Лак-Бренет көлі құрғап, қайықтар суға кетті.
«Палео» деп аталатын ең үлкен ашық аспан астындағы музыка фестиваліне келушілер бассейнде демалып жатыр.
Германия
Германияда да +40°C. Бірақ Берлиндегі туристер үшін ыстық күн қорқынышты емес. Олар мақсаттарынан бас тартпай, қолшатырдың астында қаланы серуендеуде.
Берлин хайуанаттар бағындағы жануарларды да аяуға болады. Бұл итбалықтар мұздатылған балықтармен қоректенеді.
Италия
Римның жазы әрқашан ыстық. Бұл жерде әдеттегі көрініс. Туристтер субұрқақ маңында.
Бірақ биыл елде соңғы 70 жылдағы ең ауыр құрғақшылық пен орман өрті басталып, Италияның бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды.
Испания
Испаниядағы орман өрті мыңдаған адамды үйлерін тастап қашуға мәжбүр етті. Қазір температура төмендегенімен, орман әлі өртке орануда.
Жергілікті тұрғындар өрт қауіпімен қолда бар құралдармен күресуде.
Бельгия
Егде жастағы адамдар ыстыққа төзімсіз. Бельгияның қарттар үйінің бірінде қарттар үшін осындай бассейн орнатылған.
Ал балалар үшін мұндай ауа райы тек қуаныш сыйлайды. Олар үстілеріне су құйып ойнап жүр.
Венгрия
Дрондағы суретте Венгриядағы балық аулайтын көлдердің бірі.
Венгриядағы аптап кем дегенде тағы бір күнге созылады. Ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді.
Греция
Грекияда орман өрттері Афинаға жақындап келеді. Бұл суретте грек православие діни қызметкері өзін түтіннен қорғауда.
Афины маңындағы Пентели таулы аймағындағы қатты орман өртінен кем дегенде 600 адам эвакуацияланды.
Португалия
Португалияда орман өрттері 40 мың гектарға жуық ормандар мен екпелерді жойды.
+47°C рекордтық ауа температурасы тіркелді.