Премьер-министр тағынан кеткен саясаткер өзінің мұрагеріне бостандықты қорғауға, АҚШ-қа жақын болып, украиндарға көмектесуді ұсынды.
«Америкалықтармен жақын болыңыздар, украиндықтарды, барлық жерде бостандық пен демократияны жақтаңыздар. Бұл жерді өмір сүруге және инвестиция салуға қолайлы ету үшін салықтарды азайтып, реттеуді алып тастаңыздар», — деді ол.
Сондай-ақ Джонсон үкімет басшысы ретіндегі өзі атқарған адал еңбегіне де тоқталып, оның ішінде коронавирус пандемиясымен күресін ерекше атап өтті.
Джонсон сөзін «Терминатор» фильміндегі ерекше цитатамен аяқтады.
«Барлықтарыңызға алғыс білдіремін, «Hasta la vista, baby», — деп түйіндеді Джонсон.