Британ парламентіндегі консерваторлар соңғы дауыс беруді өткізіп, елдің премьер-министрі лауазымына екі үміткерді қалдырды, деп хабарлайды Ren.tv
Қауымдар палатасының 137 мүшесі бұрынғы қаржы министрі Риши Сунактың кандитатурасын қолдады. Сыртқы істер министрі Лиз Трасс 113 дауыспен екінші орынға шықты. Кіші сауда саясаты министрі Пенни Мордонт 105 дауысты иеленіп жарыстан қалып қойды.
Енді Ұлыбританиядағы Консервативтік партияның 200 мыңға жуық мүшесі 5 қыркүйекке дейін премьер-министр лауазымына кімнің лайықты екенін анықтайды. Партияның жаңа басшысы парламенттік көпшілікті, оған қоса премьер-министр лауазымын мұраға алады.
Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде Борис Джонсон Ұлыбритания Премьер-Министрі және консервативті партияның жетекшісі қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бірақ ол жаңа премьер таңдалғанға дейін партия мен үкімет басшысының міндеттерін орындайды.
Ол үкімет басшысы болып 2019 жылғы 24 шілдеде тағайындалған еді.