Аграрлық сарапшы Кирилл Павловтың пікірінше, елімізде ет пен бидай бағасы айтарлықтай көтерілмек. Ал кейбір тауарларды жеткізу мүлдем қиындауы мүмкін.
Ұлыбританияда аптап ыстық рекордтық көрсеткішке жетті. Ұзақ уақыт бойы 40 градустан астам температура сақталып, тіпті төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл ауыл шаруашылығы саласына кері әсерін тигізбек.
Астық әлдеқайда аз болатыны анық, әсіресе мал азығы мен картоптың тапшылығы қатты сезілуі мүмкін. Сондай-ақ қант қызылшасының өндірісі төмендейді,
деді Кирилл Павлов.
Бұл Қазақстанға қалай әсер етеді? Оның ойынша, басында ет бағасы төмендеп, біраз уақыт бағасы өзгермейді. Кейін бірден құны шарықтап кетуі мүмкін. Сонымен қатар, ет бағасының қымбаттауы валюта бағамының өсуімен байланысты болмақ.
Бидайдың бағасы өсуі мүмкін. Ал ұн міндетті түрде қымбаттайды. Логистика мен сауда саласындағы өзгерістер қантты елге жеткізуде қиыншылықтар тудырады,
деп атап өтті сарапшы.
Сарапшының ойынша қиыншылықтан шығу үшін еліміздің бос жатқан егістіктері мен жайылымдарын барынша толық пайдалану керек.