Финляндия мен Швеция ұйымға кіру туралы хаттамаларға қол қойды.
Финляндия мен Швеция СІМ басшылары НАТО-ға кіру туралы хаттамаларға қол қойды. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.
Бүгін біз хаттамаға ресми түрде қол қойдық. Енді заңдық күшіне ену рәсімін бастаймыз. НАТО есігі барлық еуропалық демократияларға ашық. Финляндия, Швеция және НАТО үшін жақсы күн болды. Біз 32 мүше елмен күштірек боламыз,
деп мәлімдеді, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг
Ресми өтініш мамыр айының ортасында берілген. НАТО-да қабылдау туралы өтініш аз уақыттың ішінде қарастырылып, шешімі маусымның 29-і күні Мадридтегі саммитте жарияланды.
Түркия елінің талаптары кедергі болғанымен, мемлекеттер өзара ортақ шешім қабылдай алды. Стокгольм мен Хельсинки Солтүстік Атлант одағына кіру туралы ресми келіссөздерді 4-шілдеде өткен бірінші-ақ кездесуде аяқтады.
Енді ұйымға ресми қосылу үшін Финлядния және Швеция, сондай-ақ НАТО-ға кіретін 30 елдің парламенттері шартты бекітулері қажет.