Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > Қылмыстарды болжау – ақиқат
ҒылымРуханият

Қылмыстарды болжау – ақиқат

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 05.07.2022
Обновлено 07.07.2022 в 05:07
Поделиться
Поделиться

Чикаго университетінің әлеуметтану және деректерді талдау мамандары бір апта ішінде қылмыстарды болжайтын алгоритм ойлап тапты.

Мазмұны
Болашақ қолымыздаҚағаз жүзінде бәрі жақсы

Болашақ қолымызда

Өткен ғасырдың ортасында американдық жазушы Филип Диктің «Ерекше пікір» фантастикалық әңгімесі жарық көрді. Кітап кейіпкері қылмыс жасағанға дейін қылмыскерлерді табудың және жазалаудың таңғажайып әдісін ойлап тапқан.

Қылмыстың алдын-алу әдістері көрсетілген психикалық және ақпараттық технологиялар туралы кітап, 2002 жылы Том Круз сомдаған фильмнен соң әлемге белгілі болды.  Аталмыш болжау құралдары  түрлі мемлекет билігінің қызығушылығын тудырғаны сөзсіз.

Екі онжылдықта жасанды интеллекттің (ЖИ) даму революциясы, машиналық оқытудағы серпіліс пен үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдей алатын алгоритмдер көркем әдебиетті шындыққа айналдыруға мүмкіндік берді.

Чикаго университетінің әлеуметтану және деректерді талдау мамандары бір апта ішінде қылмыстарды болжайтын алгоритм ойлап тапты деп мәлімдейді, Nature Human Behaviour ғылыми ресурсы. Зорлық-зомбылық (кісі өлтіру және шабуыл) және мүліктік (тонау және автокөлік ұрлау) қылмыстар туралы ашық мәліметтер негізінде олардың ЖИ моделі қылмыстың болу заңдылықтарын  зерттеп қана қоймай, 90% дәлдікпен болжайды.

Аталмыш алгортим қаланы ені бойынша 300 метрге бөліп, сол аймақтағы қылмыс деңгейін болжайды.

Біз қалалық ортаға ұқсас сандық жүйені құрдық. Егер оған бұрын болған деректерді енгізер болсақ, ол болашақта не болатынын айтады. Ешқандай сиқыр емес. Қаланың қылмыс көбейген бөлігіне, немесе полция қызметкерлерінің көбеюіне байланысты алгортимді қолданар болсақ, жағдайдың даму барысын байқауға болады,

дейді авторлар

Қағаз жүзінде бәрі жақсы

Алайда, моделдің қаншалықты дәл болғанына қарамастан, құрастырушылар оны құқық қорғау органдарына қолдануға болмайтынын ескертеді.  Бұл қалалық саясат пен полицияның қылмыспен күресуге арналған әдістеріне қосымша көмек болып есептеуге болады.   

Полицейлерді потенциалды криминалдық аймақтарға бағыттайтын алгортим бірнеше жыл бұрын пайда болған. Содан бері бұл әдіс қатты сынға ұшырады. 2019 жылы Next Web мамандандырылған сайты алгортимнің орнына құны едәуір төмен көріпкелдердің көмегіне жүгінуге болатынын айтып келеке еткен еді. Себебі аталмыш серверлерді іске қосу үшін ондаған мың доллар қаражат қажет.

Пандемия кезінде ЖИ-ге негізделген болжау жүйелері АҚШ-тың 60-қа жуық мемлекеттік агенттіктері мен полиция департаменттері қолданды. Ал кейбір қалалар ЖИ қызметінен мүлде бас тартты, себебі қымбат жүйенің қылмыстарды ашуға септігі тимеген.

Шындығында, алгоритмдердің көмегімен қылмыстық жағдайды болжау барлық жергілікті тұрғындар жақсы білетін қолайсыз аудандардың тізімін жасауға  ғана тиімді болып шықты.

Алайда, АҚШ-тағы полиция қызметкерлерінің көбісі қылмыстың алдын-алу үшін ЖИ қолданудан көңілі қалса да, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бүгінде Чикаго сарапшылары өздерінің моделін қала аумағындағы құқық бұзушылықтарға қарсы стратегияны әзірлеуге көбірек қызмет етеді деп сендіруде. Шынында да, басқа қырынан ойлап қарағанда, бұндай жаңашылдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлкен қадам деп санауға болады.

ТЕГи: Ғылым, Трендте
Сая Манарбековна 05.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
РуханиятТарих

Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді

04.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?