Чикаго университетінің әлеуметтану және деректерді талдау мамандары бір апта ішінде қылмыстарды болжайтын алгоритм ойлап тапты.
Болашақ қолымызда
Өткен ғасырдың ортасында американдық жазушы Филип Диктің «Ерекше пікір» фантастикалық әңгімесі жарық көрді. Кітап кейіпкері қылмыс жасағанға дейін қылмыскерлерді табудың және жазалаудың таңғажайып әдісін ойлап тапқан.
Қылмыстың алдын-алу әдістері көрсетілген психикалық және ақпараттық технологиялар туралы кітап, 2002 жылы Том Круз сомдаған фильмнен соң әлемге белгілі болды. Аталмыш болжау құралдары түрлі мемлекет билігінің қызығушылығын тудырғаны сөзсіз.
Екі онжылдықта жасанды интеллекттің (ЖИ) даму революциясы, машиналық оқытудағы серпіліс пен үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдей алатын алгоритмдер көркем әдебиетті шындыққа айналдыруға мүмкіндік берді.
Чикаго университетінің әлеуметтану және деректерді талдау мамандары бір апта ішінде қылмыстарды болжайтын алгоритм ойлап тапты деп мәлімдейді, Nature Human Behaviour ғылыми ресурсы. Зорлық-зомбылық (кісі өлтіру және шабуыл) және мүліктік (тонау және автокөлік ұрлау) қылмыстар туралы ашық мәліметтер негізінде олардың ЖИ моделі қылмыстың болу заңдылықтарын зерттеп қана қоймай, 90% дәлдікпен болжайды.
Аталмыш алгортим қаланы ені бойынша 300 метрге бөліп, сол аймақтағы қылмыс деңгейін болжайды.
Біз қалалық ортаға ұқсас сандық жүйені құрдық. Егер оған бұрын болған деректерді енгізер болсақ, ол болашақта не болатынын айтады. Ешқандай сиқыр емес. Қаланың қылмыс көбейген бөлігіне, немесе полция қызметкерлерінің көбеюіне байланысты алгортимді қолданар болсақ, жағдайдың даму барысын байқауға болады,
дейді авторлар
Қағаз жүзінде бәрі жақсы
Алайда, моделдің қаншалықты дәл болғанына қарамастан, құрастырушылар оны құқық қорғау органдарына қолдануға болмайтынын ескертеді. Бұл қалалық саясат пен полицияның қылмыспен күресуге арналған әдістеріне қосымша көмек болып есептеуге болады.
Полицейлерді потенциалды криминалдық аймақтарға бағыттайтын алгортим бірнеше жыл бұрын пайда болған. Содан бері бұл әдіс қатты сынға ұшырады. 2019 жылы Next Web мамандандырылған сайты алгортимнің орнына құны едәуір төмен көріпкелдердің көмегіне жүгінуге болатынын айтып келеке еткен еді. Себебі аталмыш серверлерді іске қосу үшін ондаған мың доллар қаражат қажет.
Пандемия кезінде ЖИ-ге негізделген болжау жүйелері АҚШ-тың 60-қа жуық мемлекеттік агенттіктері мен полиция департаменттері қолданды. Ал кейбір қалалар ЖИ қызметінен мүлде бас тартты, себебі қымбат жүйенің қылмыстарды ашуға септігі тимеген.
Шындығында, алгоритмдердің көмегімен қылмыстық жағдайды болжау барлық жергілікті тұрғындар жақсы білетін қолайсыз аудандардың тізімін жасауға ғана тиімді болып шықты.
Алайда, АҚШ-тағы полиция қызметкерлерінің көбісі қылмыстың алдын-алу үшін ЖИ қолданудан көңілі қалса да, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бүгінде Чикаго сарапшылары өздерінің моделін қала аумағындағы құқық бұзушылықтарға қарсы стратегияны әзірлеуге көбірек қызмет етеді деп сендіруде. Шынында да, басқа қырынан ойлап қарағанда, бұндай жаңашылдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлкен қадам деп санауға болады.