Енді қолданушылар чат арқылы тікелей тапсырыс жасай алады, деп хабарлайды Meta сайты.
Instagram-да қолданушыларға хабарламалар арқылы шағын бизнестен зат сатып алуға мүмкіндік беретін төлем функциясы болады.
Мысалы, Instagram желісін пайдаланушы бір затқа қызықса, ол тікелей компанияға хабарлама жібере алады. Қажет болған жағдайда параметрлерді қосып, өзінің қалауын тікелей чат арқылы жазып жібереді. Сондай-ақ, пайдаланушылар тапсырысты қадағалап отыра алады және сол чат желісінде кез келген қосымша сұрақтар қоя алады. Сауда жасау үшін Meta Pay төлем жүйесі қолданылады. Алайда бұл функция қай мемлекетте бірінші пайда болатыны жайлы ақпарат көрсетілмеген.
Айта кетсек, 2020 жылы әлеуметтік желі гиганты өз қолданушылары үшін Facebook және Instagram арқылы сауда жасауға мүмкіндік беретін дүкендерді іске қосты.