Президенттің Қырғызстанға жұмыс сапары осылай өтуде. Шолпан-Атада Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев бейресми жағдайда сөйлесіп, теплоходпен серуендеді.
20 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеге белгіленген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды.
Мемлекеттер басшылары Ыстықкөлде теплоходпен серуендеу барысында елдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшылары әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық ахуал тұрғысынан өңірлік интеграцияның перспективаларын қарастырады деп күтіледі.