Тұмаудың өршуіне байланысты Алматы, Астана және Шымкент қаласындағы 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.
Онлайн оқу туралы шешім студенттер мен ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған.
Қазір білім алушылардың арасында тұмаумен қатар қызылша ауруы да тарап жатыр, бірақ жұқтырғандар саны аз, деді ведомство өкілі.