Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылдан бастап студенттерге 2-3%-дық кредит берілетінін мәлімдеді.
Қазір қаржыландыру және кредит алу моделі қарастырылып жатыр. Несиені екінші деңгейлі банктер береді. Студент өз атына 2-3%-дық кредит рәсімдей алады.
Сонымен қатар, министр ҰБТ талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін көрсеткіштер бойынша жетілдірілетінін айтты.
Аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30%-тен 100%-ке дейін) дифференциация енгізуде де қолданылады.
Сондай-ақ, тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының талапкерлеріне грант бөлу жалғасады.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдіріледі.