Жоғары оқу орындарында президент сайлауын өткізуге байланысты студенттерді кез келген іс-шараға тартуға тыйым салынады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Біз жаңа және әділ Қазақстанды құрып жатырмыз. Президент мұндай әрекеттерді қатаң бақылайды және тыйым салады. Министрлік бір де бір арнайы шара ұйымдастырмайды,
деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ брифингісінде.
Ол енді министрлікте студенттердің құқығын қорғайтын арнайы омбудсмен жұмыс істейтінін айтты.
Айсұлу Ерниязова — еліміздің белсенді азаматы, оны көптеген студент таниды. Ресми түрде министрлікте штат кестесі бекітілген жоқ, келесі айдың басында бекітеміз деп отырмыз. Университет студенттері министр жанындағы арнайы комиссарға өтініш бере алады,
деді Саясат Нұрбек.