Қазақстанның жарты жерін қазір су басып жатыр.
Бір қызығы, Ресей де сондай апатқа ұшырап жатыр, тіпті Мәскеу маңындағы ауылдар мен қалашықтар суға батты.
Жылда солай болады.
Ресей мен Қазақстан сияқты жері үлкен елдердің осындай ешқашан шешілмейтін ұқсас мәселелері бар.
Ал енді қары да, суы да бізден көп болатын Норвегия, Швеция, Финляндия, Солтүстік Америка мен Канадада «ана ауылды су басты, мына қалаға топан су келді» дегенді естімейміз.
Неге?
Оның жауабы бір-ақ сөзде жатыр: Демократия!
Демократиялық, халық сайлайтын биліктің халық мүддесіне ғана жұмыс істеуден басқа амалы жоқ.
Сондықтан Ресей мен Қазақстандағы жағдай заңдылық, халық билікті сайламаған соң ол билікке халықтың жайын ойлап не керек?
Ресей мен Қазақстан сияқты елдерде тұратын халықтардың өмір бойы сорлап өтуінің басты себебі автократия.
Халықтың бағын ашатын жалғыз үміт – демократия.
Қамбар Жүсіпов