Қазақстандағы суицид көбінесе әскерде болады деген пікір ресми мәліметтермен расталмайды. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиев айтты.
Құқықтық статистика комитетінің мәліметінше, 2018-2022 жылдары Қазақстанда 17 631 суицид және 21 332 оған оқталу жағдайы тіркелген, яғни 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді. Олардың 86 суициді және 20 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі әскерде болған, яғни 10 әскери қызметшіге 6 суицид және 1 өз-өзіне қол жұмсауға оқталу келеді.
Әскери прокуратура Қазақстан армиясындағы өлім себептері туралы статистиканы мәлімдеді.
- 2020 жылы — 78 жауынгер,
- 2021 жылы — 96 жауынгер,
- 2022 жылы 85 жауынгер,
- 2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушы өмірден өткен.
Барлық өлімнің 36 пайызы ауруға, 24 пайызы жол-көлік оқиғаларына, 20 пайызы суицидке байланысты болған.
Мақсат Қазиевтің пікірінше, бұл деректер суицид көбінесе әскерде болады деген түсінікті жоққа шығарады.