Алматыда бір сауда орталығында ерлер киімі бутигінің иесі «барлығы 8000 теңге» деген акция ұйымдастырып, жұртты әбігерге түсірген. «Ақшаның көзіне қарамай» ағылған жұрт әлгі бутиктің әңкі-тәңкісін шығарған.
Біз осы қашан өркениетті, мәдениетті қоғам боламыз?
Артық айтсам кешіріңіздер, қазақы ұғымда » түк көрмеген» деген түсінік бар, осыдан қашан арыламыз?
деп жазыпты TengeLife арнасы.
Үнемі ел-жұртқа мазақ, күлкі боламыз. Негізі сол жердегі киімнің әу бастағы бағасы сегіз мың теңге болуы керек.
Біздің саудагерлер екі-үш үстеме баға қосып сата береді ғой. Тұтынушылар соны ескере бермейді. Акцияға алданады. Ал акцияны ұйымдастырушылар жағдай дүрбелең туғызып қалса, не істейміз?-деп ойланбайтыны өкінішті.
Тұтынушының, жалпы сауда орталығына келген жұртшылықтың қауіпсіздігін алдын ала ойластырып, тәртіп сақшыларын тартуы керек қой. Тауар санаулы болса, жағдайды түсіндіріп, басы артық клиентті сабырлы түрде кері қайтаруы керек еді. Жоқ, бізде бәрі жабайы, ұрыс- керіс, айғай-шумен аяқталады.
Әлгі бутиктің иесі әкімшілік жазаға тартылды ма екен, әлде әдеттегідей құтылып кетті ме?